Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Азия ойындарының жүлдегері Бэлла Самашева Алматы мәслихатының депутаттарын сайлауда дауыс берді

Азия ойындарының жүлдегері Бэлла Самашева Алматы мәслихатының депутаттарын сайлауда дауыс берді
kyn.kz
29 қараша күні таңертең алматылық каратэші Бэлла Самашева қала спортшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол Түрксіб ауданының Алтай-1 шағынауданындағы Д. Бабаев атындағы №115 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бэлла жексенбілік күнін дауыс беруден бастауды жөн көрген. Спортшы үшін сайлауға қатысу – өзінің азаматтық ұстанымын білдіру және өзі тұрып, жаттығатын қаланың тұрғындарының мүддесін қорғайтын депутаттарды таңдауға атсалысу мүмкіндігі.

Бэлла Самашева Алматы қаласының атынан өнер көрсетеді және WKF каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихатының депутаттық мандаттарына 168 кандидат үміткер. Олардың 109-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған.

Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар