Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық үш фильм "Азия Оскарын" жеңіп алды

Отандық үш фильм "Азия Оскарын" жеңіп алды
98mag
Үш туынды да режиссерлердің дебюттік жұмысы

Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу", Дархан Төлегеновтың "Ағайынды" және Айсұлтан Сейітовтың "Қаш" фильмі жүлдегер атанды, деп хабарлайды KYN.KZ.


Бүгін Австралияда Asia Pacific Screen Awards азиялық беделді киносыйлық жеңімпаздары анықталды. Үш қазақстандық фильм – Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу", Дархан Төлегеновтың "Ағайынды" және Айсұлтан Сейітовтың "Қаш" жүлдегер атанды.
Бұл үш туынды да режиссерлердің дебюттік жұмысы. Оның ішінде екі фильм, атап айтсақ, "Бауырына салу" мен "Ағайынды" Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.
"Бауырына салу" фильмі "Үздік жастар фильмі" номинациясында жеңіске жетсе, "Ағайынды" картинасында басты рөлдерді сомдаған Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов "Үздік жаңа қойылым" жүлдесіне ие болды. Ал "Қаш" туындысы "Үздік операторлық жұмыс" номинациясында марапатқа ие болды.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар