Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев: Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын

Тоқаев: Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын
Ақорда
Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді деп атап өтті Қазақстан президенті

Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында.

"Біз өзіміздің транзиттік әлеуетімізді толыққанды пайдалануға мүдделіміз және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайынбыз", - деді Қазақстан президенті.

 

Тоқаев биыл 1 қарашада өткен Халықаралық газ форумында Қазақстан үкіметі мен "Газпром" арасында Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Бұл – 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өзара тиімді серіктестік жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған ұзақмерзімді құжат.

"Газ саласы мемлекеттеріміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресінде ерекше рөл атқарады. Сондықтан Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді", - деп атап өтті Тоқаев.

7 қазанда Ресей, Өзбекстан және Қазақстан президенттері ресейлік газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосқан болатын.

Президенттің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға, Орталық Азияның аймақтық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, елдеріміздің өндірістік дамуына, бизнес-ахуалды жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға тың серпін береді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар