Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жоғалтып алам ба деп қорықтым": Жазира Байырбекова анасының денсаулығы үшін қатты алаңдайтынын айтты

"Жоғалтып алам ба деп қорықтым": Жазира Байырбекова анасының денсаулығы үшін қатты алаңдайтынын айтты
Инстаграм
Анасының жағдайы туралы айтып, жылап қалды

Эстрада жұлдызы анасы туралы жан сырын "Жақсы адамдарым" бағдарламасында ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Жазира Байырбекова анасының денсаулығы үшін қатты алаңдайтынын жасырмады. Өнер иесі сұхбат кезінде анасының жағдайы туралы айтып жатып, көз жасына ерік берді. "Анам алдында бір қорқытып қойды. Қазір енді Аллаға шүкір жақсы. Бір үлкен ойдан, күйзелістен өттім десем болады. Жоғалтып алам ба деп қорықтым. Сол кезде көптеген ой сүзгіден өтті.

Маған анама қараған, уақыт бөліп, жолдан шаршап келсем де ол кісіге хабарласқан ұнайды екен. Алла тағаладан "сол нәрседен айырмай тұра тұршы" деп сұрадым. Сол сұрағанымды берді. Қазір өзімізге жақын жерде Алматыда тұрып жатыр. Анамның мінезі өте жұмсақ. Біреу біреуге қатты сөз айтса, анам шетте отырып қиналып кететін. Өзіне қатысы жоқ болса да, жүрегіне жақын қабылдап қалатын. Сол себепті, қазір біз анамыздың қасында артық сөз айтпаймыз. Денсаулығына байланысты оны балаша мәпелеп отырамыз", - деді әнші.

Ұқсас жаңалықтар