Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан желідегі белгісіз әйелдің өзінің жүктілігі жайлы жазған пікірінен шошып кетті

Ерке Есмахан желідегі белгісіз әйелдің өзінің жүктілігі жайлы жазған пікірінен шошып кетті
Әнші бұл пікірге қатысты өз ойын білдірді

Өзі жайлы жалған ақпаратты әнші Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Ең әдемі кезеңімнің тоғызыншы айы басталды. Әкесі екеуіміз жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен жүздесетін күнді асыға күтудеміз", - деп жазды Ерке Есмахан. Осы жазбасынан соң әнші өзіне жазылған пікірлер арасында жалған ақпарат барын да атап өтті. "Өтірік! Бұлар тамыз айының 20-ы күні үйленді. Үш ай енді ғана болды. Ішіне бірнәрсе тығып қойған.

Сосын "Босандым" деп, біреудің баласын сатып ала салады", - деп пікір қалдырған желі қолданушысының бірі. Ал Ерке Есмахан бұл пікірге қатысты өз ойын білдірді. "Сурет астына жазылған пікірлерді оқып отырмын. Мына апаның жазған қиялы миыма сыймады. Бізге жағатын күйе болмай, ойға келгенді құрастырдыңыздар-ау! Алла сақтасын", - деп жазды әнші.

Ұқсас жаңалықтар