Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақан Сатаев ауруханаға түсіп қалды

Ақан Сатаев ауруханаға түсіп қалды
Сурет: instagram.com/akansatayev
Белгілі кинорежиссер әрі сценарист Ақан Сатаев Атыраудағы кардиологиялық орталыққа түсті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кинорежиссердің айтуынша, қазір ол кардиоорталықта жатыр. Ауруханаға жатқызылу себебін кейінірек айтатынын жеткізді.

"Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, "Қан мен серт" фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!

Осы орайда осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігеріне, қызметкеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді!" - деп жазды Ақан Сатаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар