Мұндай аста-төк дайындықтың себебін жергілікті әкімдік түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Әуелде іс-шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланған екен. Кейін қос елдің басшысы форумды видеобайланыс арқылы онлайн тамашалайтыны белгілі болған.
Мәжіліс отырысынан кейін ұлттық экономика министрі жоғарыда аталған миллиардтарға қатысты пікір білдірді.
“Осы қаражатқа салынған қаладағы кез келген инфрақұрылым жергілікті тұрғындарға қалады. Ауқымды ісшара өтеді. Ресейдің шекаралас өңірлерінен кәсіпкерлер келеді, біздің бизнесмендер, мемлекеттік қызметкерлер қатысады. Содан кейін кез келген нысан, соның ішінде визиторталық өңірді дамыту үшін қажет”,-деді Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі.
Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026




