Әли Оқапов келіншегі Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс қалай жасағанын айтып берді
- kyn.kz
- 9 қараша, 2023
- 3.5k
Әли Оқапов өміріндегі аса маңызды қадамды қалай жасағанын Динара Сәтжанға берген сұхбаты барысында баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Әртіс ол кезде қаржы тапшылығы салдарынан сақина сатып аламай, анасының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
“Мына пәтерге баға шарықтамай тұрғанда жөндеу жұмыстарын жасап үлгердім. Бірақ, карантин басталып, бұл пәтерге кіріп үлгермей қалдым. Пәтер бос тұрды. Сосын бір кезде Ақерке бір жаққа кетіп қалды. Сол сәтте анама барып, үйленетінімді айттым. "Карантин ерте ме, кеш пе бітеді. Үйлену керек" дедім. Сол уақытта менде ақша болмады. Сосын анама "сақина алатын ақшам жоқ, маған ұсыныс жасау үшін сақина керек" дедім. Анам өзінде бар сақиналарды ұсынып, "ұнағанын таңда" деді. Бәрі дерлік алтын болды. Өзім алтынды аса ұнатпаймын. Бірақ, ақ алтынды таңдадым. Сосын тағы үш апта ұсыныс жасау үшін қолайлы сәтті күтіп жүрдім", - деді Әли Оқапов.