Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айкөркемнің өлімі: Прокурор кінәліні 7 жылға соттауды сұрады

Айкөркемнің өлімі: Прокурор кінәліні 7 жылға соттауды сұрады
Stan.kz
4 жасар Айкөркем Мелдехан қаңтардағы қырғында әкесінің көлігінде қайтыс болған

Алматы әскери соты қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты талқылауды аяқтады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сотта прокурор Айдос Ақберген айыпталушы әскери қызметкер Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл — «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша ең қатал жаза.

Қаза тапқан қыздың әкесі сот процесінің өту барысына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Не себепті бес адамның куәгер ретінде өтіп отырғанын түсінбеймін, олар Арман Жұманмен қатар айыпталушы орнында отыруы керек еді. Себебі айыпталушының қасында болды. Олар ештеңеге қарамай көлікке оқ ата берген. Бірақ бұл қызметкерлерге бұйрықты кім берген?Неге бөлім командирі, батальон командирін жазаламайды?»—деді Айдос Мелдехан.

Басылымның жазуынша, күдіктінің қорғаушысы соттан оны толық ақтауды талап еткен.

Еске салсақ, Оқ қыздың басына тиіп, ол сол жерде жан тапсырған. Бұл кезде көлікте оның ағасы мен әпкесі болған, олар да жарақат алған.

Бұған дейін судья істе «мемлекеттік құпия» мәліметтер бар екенін айтып, сотты жабық еткен еді. Бұған жәбірленуші жақ қарсы болған.

Ұқсас жаңалықтар