Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкент қаласының экс-прокуроры Мақсат Қожабаевқа сот үкім шығарды

Шымкент қаласының экс-прокуроры Мақсат Қожабаевқа сот үкім шығарды
Википедия
Алаяқтық бабы ойынша айыпталып, бес жарым жыл жаза арқалады

Сотталушының туыстары үкіммен келіспейміз деп байбалам салып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сот залында сақшылар көп болды. Олар сотталушыны ғана емес, тіпті судьяны да айнала қоршап тұрды. Мақсат Қожабаев 2021 жылы Шымкент қаласының прокуроры болған кезінде сотталғалы жатқан азаматтың жазасын жеңілдетемін деп қомақты ақша алған. Бірақ бұл әрекеті әшкере болып, биыл қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолына кісен салған еді.

Ол әр жылдары қаржы полициясын басқарып, талай жыл прокурор болған. Ал 2021 жылдан бастап Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 49 жастағы Мақсат Қожабаев жазасын өтеп шықса да, енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларда жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ ол осы күнге дейін алған мемлекеттік наградаларынан да айырылды. 

“ Лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салып, аталған қаражаттың, 20 мың АҚШ долларын 2021 жылдың 5 желтоқсанында Шымкент қаласының аумағында, ал қалған 100 мың АҚШ долларын 2022 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласында алып, оны ортақ таныстары Әлібаев арқылы Қожабаевқа берген”,-дейді Самиддин Темірәлиев, судья.

Ұқсас жаңалықтар