Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түрмеде терроризмді дәріптеген тараздыққа сот үкімі шықты

Түрмеде терроризмді дәріптеген тараздыққа сот үкімі шықты
Tengrinews
Айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Тараз қалалық сотының үкімі бойынша сотталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

9 қарашада сот үкімі заңды күшіне енді. Анықталғандай, сотталушы жазаларын өтеуші адамдардың арасында радикалды идеологияны таратқан. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Айта кететіні, сотталған 2018 жылдан бері кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын өтеуде.

ҰҚК материалдары бойынша 2023 жылдың басынан ҚАЖ мекемелерінде терроризмді насихаттағандары үшін 5 адам әртүрлі жаза өтеу мерзімдеріне кесілді.

Ұқсас жаңалықтар