Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ол армансыз өмір сүрді": Нұрсұлтан Назарбаев інісін соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйледі

"Ол армансыз өмір сүрді": Нұрсұлтан Назарбаев інісін соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйледі
Коллаж kyn.kz
Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның екі жарым жыл қатты ауырып, жүре де , сөйлей де алмайтын хәлге жеткенін айтты

Болат Назарбаев Алматы облысындағы Үшқоңыр жеріне қарасты өзі туып өскен  Шамалған ауылында жерленді. Ауылдағы бейітте Назарбаев әулетінің үлкендері ата-анасы, жақын туыстары жерленген. Болат Назарбаевпен қоштасу рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов қатысып, көпшілік алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ.

Тұңғыш президен үйдің кенжесі Болат Назарбаевтың қандай бала, қандай бауыр, қандай әке, қандай адам болғанына тоқталды. Соңғы екі жылда денсаулығына  байланысты қатты қиналғанын да жасырмады.

"Біз осы ауылда туып-өстік. Ол біздің үйдің кенжесі еді. Көп еңбек етті, мектепке, ауылға көмектесті, мешіт салды. Еңбек етіп, бала өсірді. Армансыз өмір сүрді деуге болады. Оның өмірі әлі алда болатын. Екі жарым жыл қатты ауырып, жүре алмайтын, сөйлей алмайтын, өз бетімен тамақ іше алмайтын хәлге жетті. Көп азап шекті.
 

Қателік жібермейтін адам жоқ. Отбасымызға көңіл айтқандарға мың алғыс. Кешеден бері көптеген адамдармен сөйлестім, олар көп жақсылық жасады", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Болат Назарбаевтың үйінде өткен жерлеу рәсімінеs бірнеше мың адам келді. Сондай-ақ Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев сынды саяси және қоғам қайраткерлері оны соңғы сапарға шығарып салды. Өнер адамдарынан Біржан Хасанғалиев болды.

Жерлеу рәсімі алдында үкімет басшысы да сөз сөйлеп, марқұмның отбасына көңіл айтты. Алматы облысының наиб имамы дұға оқып, марқұмды жақсы сөзбен ақтық сапарға шығарып, қателіктерінің кешірілуін сұрады.

Марқұм Назарбаевтар отбасының жақын туыстары жерленген зиратқа жерленді. Жерлеу рәсіміне яғни марқұмның бейтіне  бір уыс топырақ тастау үшін тек жақын туыстары ғана барды.

Ұқсас жаңалықтар