Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыран Талапбектің әйелі қажылыққа барамын деп сынға қалды

Қыран Талапбектің әйелі қажылыққа барамын деп сынға қалды
https://instagram.com/gulzada_tl
Ол ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын үйретемін деп те сабақ сатқан

Ерлі-зайыптылардың ара-қатынасын үйретемін деп сабақ сатқан Қыран Талапбектің әйелі тағы сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жас жұбайлар қажылық сапарға аттанған болатын.

“Бұл жақта әйел адамдардың киіміне қойылатын талап қатты. Хиджаб киюге мәжбүрміз. Қанша күннен бері өзімді шейхтың әйелі сезініп жүрмін”, – деп жазды Гүлзада Тұрлаш. 

Қыран Талапбектің айтуы бойынша Меккедегі бір нөмерінің өзі екі қабаттан тұратын қонақүйде орналасқан көрінеді.

“Бөлмеміздің терезесі Қағбаға қарап тұр. Күн сайын құлшылық жасап жатқан адамдарды көреміз. Азанның дауысы өте жақыннан естіледі. Сіздерге де осындай жерге келу бұйырсын!”, – деп тіледі мобилограф. 

Желі қолданушыларының бірі жұптың өмірлеріне қызықса, енді бірі сынап жатыр. “Құлшылық жасауға емес, фотоға түсуге барғансыңдар”, “Кеше әйелің сөмке сататын жерде жүрген”, “Не үшін Қыранның әйелін ұнатпаймын?”, “Айжұлдыз екеуі құрбы болған, құрбысының жігітіне күйеуге шыққан” деген негатив пікір өте көп. 

Белгілі отбасылы блогерлер оқырмандарының сұрақтары мен пікірін жауапсыз қалдырған.

Ұқсас жаңалықтар