Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақфильмнің бұрынғы басшысы жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Қазақфильмнің бұрынғы басшысы жемқорлық бойынша  күдікке ілінді
Halyq.uni
Антикор Қазақфильмнің бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі

Антикор Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереленгенін анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда», – делінген хабарламада.

2015-2019 жылдар аралығында Қазафильмді Бақыт Қайырбеков басқарған.

 Антикор қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтеді.

Ұқсас жаңалықтар