“Сол жақ көзін толығымен ағызып жіберген”: Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қандай айуандықпен өлтіргенін айтты
- kyn.kz
- 16 қараша, 2023
- 6.2k
Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов марқұмның денесін жууға барғанда дене жарақаттарын көргенін жеткізді. Оны арнайы бейнетаспағада түсірген екен,деп хабарлайды KYN.KZ.
“Біз Бишімбаевтың өз кінәсін ақтау үшін қорғаныс құрып жатқанын білеміз. Менің қарындасымның денесін жууға әкелгенде, ол жерге мен арнайы бардым, біз сол жерде фотосуреттер мен видеоларды да түсірдік. Мүлдем миға сыймайтын көптеген жарақаттар бар. Бұл беттегі гематомалар емес, ми аймағындағы терең тесіктер, бастың желке бөлігі, артқы жағындағы үлкен тесіктер, сол жақ көз толығымен ағып кеткен. Бишімбаев менің қарындасымды белгілі бір әдіспен өлтірді.
Біздің ойымызша, Бишімбаев оны бір жерге көміп тастағысы немесе бір жерге алып кетіп, жасырып, сол арқылы өзін жауапкершіліктен алыстатқысы келген болуы мүмкін. Ол өлтіріп әрі мейрамханада қалдырды, тіпті жеді, көрдіңіз бе, ол аш болған”,-деді ағасы.