Олардың ішінде үшеуі ұл және екеуі қыз
Халықтың деректер базасының көрсеткіштері бойынша 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да 5 бала дүниеге келіп, халық санының 20 миллион болуына ықпал еткен, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары Ұлытау мен Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың ішінде үшеуі ұл және екеуі қыз.
Жаңа туған 5 нәрестеге 2 млн теңгеге сертификат беріледі.
«Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес, жарқын болашаққа апаратын жол және болашақта үй сатып алу мүмкіндігіне алғашқы үлес. Сертификат алу үшін балалардың ата-аналарына «Отбасы банктің» өңірлік бөлімшелеріне жүгіну қажет», - деді брифингте Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова.
Келесі мақала