Елімізде алғаш рет "үш ата-ананың" қатысуымен сәби дүниеге келді
Қазақстанда жұмыртқа жасушасының ядросын көшіру әдісімен қыз бала дүниеге келді. Бұл тәсіл ЭКҰ арқылы бірнеше рет жүкті бола алмаған 43 жастағы әйелге ана атануға мүмкіндік берген. Жаңалықты академик Алмаз Шарман әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.



































































































