Белгісіз біреу үйлену тойында сыйлық теледидарды көптің көзінше ұрлап кеткен
- kyn.kz
- 17 қараша, 2023
- 1.4k
Оның әрекеті бастан -аяқ тойхананың бақылау камерасына жазылып қалыпты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Жымысқы әрекетін білдіртпес үшін үстіне тап-тұйнақтай костюм-шалбар киіп алған жас жігіт мейрамханаға емін-еркін кіреді.
Осылайша төрде сырты қапталып әлі ашылмаған теледидарды көтеріп алып кетеді. Видеодан жиынның енді аяқталып жатқанын көреміз. Мейрамхананың іші абыр-сабыр болып, бәрі бір-бірімен қоштасып жатқасын, ешкім де мән бермеген. Қораптың сыртындағы жазуына қарағанда, болжам бойынша бұл теледидардың құны кемі 200 мың теңгеден миллионға дейін барады.
Әлеуметтік желіде дәл осы азаматтың өзге тойлардан да неше түрлі заттарды үптеп кетіп жүргені жазылған. Талғар ауданы полициясы өткен сенбіде болған ұрлыққа қатысты әлі арыз түспегенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» туралы заңды мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025
"Өзгеріс пен жаңару жылы": 2026 жылы көп адамдар табысқа жетеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025




