«Өзенмұнайгаз»: Жалақы аудару үшін таныстарын мекемеге тіркеп алған
- kyn.kz
- 17 қараша, 2023
- 1.2k
Қаржы мониторингі агенттігі аталған компания басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Тергеу барысында бас директордың орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевтың әрекеті сараланған. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде жұмыс істемейтін бірақ қомақты жалақы аудару үшін таныстарын мекемеге тіркепті.
Бұдан бөлек аталған компанияның тағы бір бұрынғы орынбасары Ермек Қарамурзаев та заңсыз тендер өткізіп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғау арқылы 623 млн теңге шығын келтірген. Сондай-ақ алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды. Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды.
«ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасарына ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығып көлемі 623 млн теңге. ҚР ҚПК 201бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды»,-деді Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі.