"Ол ұлының кеңірдегін пышақпен кескен": Арыста 71 жастағы қария ұлын құтқарамын деп өлтіріп алды
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2023
- 23.6k
Қайғылы жағдай осы жылдың маусым айының 16-сы күні таңғы уақытта болған. 1985 жылы туған азамат түні бойы дұрыс тыныс ала алмай астма дертінен қиналып шыққан. Таңғы 05:30 шамасында оның тыныс ала алмай жаны қиналып жатқанын зейнеткер әкесі көреді. Ол өздігінен көмек беремін деп ойлап, ұлының тамағын асхана пышағымен кескен. Қария баласы тікелей мойын арқылы тыныс алады деп ойлаған. Бірақ оның әрекеті сәтсіз болып, ұлының өкпесі қанға толып, сол жерде жан тапсырды.
Зейнеткер бірден жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер келген сәтте ер адамның жаны шығып кеткен еді. Олар дереу полиция шақырды.
Полиция зейнеткерді бірден уақытша тергеу абақтысына қамады. Іс Арыс аудандық сотында қаралды. Зейнеткер өз кінәсін мойындап, соттан өзін қатаң жазалауды сұрады. Бірақ оның туыстары қайғылы жағдай абайсызда болғанын айтып, соттан жазаны жеңілдетуді сұраған. Абайсызда адам өлтіру бабымен қозғалған істе сот төрағасы қарияның бар кінәсін мойындағанын, ниеті баласын құтқару болғанын ескере отырып, оған 1 жыл 6 айға қамау жазасын тағайындады.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024