Қонаевта тағы екі экс- полицицей 14 жастағы қызды зорлап, порновидео түсірген деп айыпталуда
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2023
- 2.1k
Құқық қорғаушы Динара Смаилова желідегі парақшасында екі полиция қызметкері 14 жастағы қызды қорлап, жағдайдың барлығын видеоға түсіргені туралы жазды.
"Бізге өзін құпия қалдыруды сұраған азамат Қонаев қаласынан көмек сұрап жазды. Қызыметте жүрген екі полиция қызметкері оның 14 жастағы қызын қорлап, сол сәтті видеоға түсіріп, ол видеоны таратқан. Ол полицейлердің бірі жасөспірімдер ісі бойынша инспектор екен. Екіншісі- кеңселер күзеті бойынша жұмыс істепті. Мына шудан кейін екеуі де өткен күнмен жұмыстан қуылып, қазір тергеу абақтысында қамауда отыр",-дейді Динара Смаилова.
Ал, Алматы облыстық полиция депрартаментіндегілер екі полицейдің оқиға болмай тұрып жұмыстан шығып кеткенін ресми түрде хабарлаған.
Полицияның дерегі бойынша олар 7 қараша күні тергеу абақтысына қамалған. Қонаев қаласының 43 жастағы азаматы өзінің 14 жастағы қызына екі адамның сексуалдық бағытта шабуыл жасағанын айтып, шағым түсірген. Осы шағым бойынша 2000-2001 жылғы екі азамат қамауға алынған. Тергеу ісінің құпиялығына байланысты бұл іс бойынша басқа мәліметтер берілмеген.
Бұған дейін дәл осыған ұқсас қылмысқа күдікті ретінде Талдықорған полиця басқармасының бастығы Марат Күштібаев тергеу абақтысына қамалған еді. енді дәл осындай қылмыс Қонаев қаласынан да шықты.