"Өлтіріп, қоқыс астына көмген": Павлодарда 7 жасар Милананың өліміне анасы мен оның көңілдесі күдікті деп танылды
- автор kyn.kz
- 20 қараша, 2023
- 3.9k
Павлодар облысында 7 жасар Милана Давыдованы 17 қараша күні ұшты күйлі жоғалып кеткендіктен, полиция мен құтқарушылар және белсенділер күні-түні іздеді. Іздеу шарасының үшінші күні ғана оның денесі табылды. Бейресми дерек бойынша оны өзінің туған анасы мен оның көңілдесі өлтіріп, қоқыс астына көміп тастаған.
Милананың анасы үш баламен өз ауылында тұрған. Ал әкесі Александр Колтин ауылдан 15 шақырым жерде шаруада жұмыс істеген. Милананың анасы күйеуіне әр аптаның соңында үш баламен барып тұрған. Бірақ, Милана әкесі тұратын жақты ұнатпай, осыған дейін де бір рет кетер алдында қашып кеткен екен. Сол кезде оны анасы қуып ұстап алған.
Әкесі қызы жоғалған сәтте оны біреулер ұрлап кетті деген болжам жасаған. Ал, анасы болса оны осы жолы қуып барып ұстамағанын, ол адасып жүргенін болжайды.
Бірақ, 7 жасар қызды іздеген 350 адамның бірі оның мәйітін тапты. Сол кезде полиция Милананың анасын қайта тергей бастаған.
Бейресми мәлімет бойынша сол кезде Милалананың анасы Кудрявцева қызын өзі өлтіргенін және сыбайласы барын айтқан.
Ол мәліметтегі нұсқа бойынша Кудрявцева мен көңілдесін Милана көріп қойған. Осы кезде әйел жағдайды күйеуі біліп қояды деп қызын өлтірген. Ал оның көңілдесі Милананы көміп тастаған.