Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Амандаспай қойған кезі болды”: Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі Әбдіхалықов жайлы айтты

"Амандаспай қойған кезі болды”: Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі  Әбдіхалықов жайлы айтты
Инстаграм
Ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында Алтынай Жорабаеваның қыздарын әкесінен бөлмейтінін жеткізді

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Алтынай Жорабаева қыздарын әкесімен араластырады ма?", - деп сұрады. Ал Талғат Жорабаев Алтынай Жорабаеваның қыздарына әкесін ешқашан жамандамағанын айтты. 

“Иә, араласады. Алтынай әрқашан жіберіп тұрады. "Жағдайын сұраңдар" дейді. Бауыры болғасын Алтынайдың жанында көбінесе мен болдым ғой. Қанша ұрысса да, қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қойған емес. "Жағдайын сұрап тұрыңдар. Барыңдар. Ауырса, хәлін сұраңдар. Қандай болса да, әкелерің" дейді. Өзім Сәбитпен көріп қалғанда, сәлеміміз түзу. Көргенде амандасқан кезіміз болды. Амандасқан кезде қолын бермей қойған кезі болды. Ол өзінің санасындағы дүние. Мен барынша кішіпейіл болуға, тәрбиелі екенімді көрсетуге тырысамын. Етене араласу, сәбилі болуымен құттықтау деген жоқ", - деді Талғат Жорабаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Ұқсас жаңалықтар