Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан күйеуінің жаңа көлігін көрсетті

Ерке Есмахан күйеуінің жаңа көлігін көрсетті
https://instagram.com/erke_esmahan
Әнші Райымның таңдауы Cadillac Escalade көлігіне түскен

Ерке Есмахан көпшілікке күйеуі Раим алған темір тұлпарды көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Әнші Райымбек Бақтыгереевтің таңдауы Cadillac Escalade көлігіне түскен. 

Әншінің айтуынша, биыл күйеуі екеуіне бірдей көлік нөмірін алған. 

"Былтыр туған күніме күйеуім, ол кездегі жігітім көлік нөмірін сыйлаған еді. Биыл екеуімізге жұп нөмір алды. Маған ұнайды. 

Күйеуімнің көптен күткен көлігі бүгін келіп, қуанып жатырмыз. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Райым Бақытгереевтің таңдауы түскен Cadillac Escalade 2023 көлігінің нарықтағы бағасы 65 млн теңгеден басталып, 95 млн теңгеге дейін жетеді.

Ұқсас жаңалықтар