Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2024 жылы кімдердің жалақысы өседі?

2024 жылы кімдердің жалақысы өседі?
Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді

2024 жылы қай санаттағы жұмысшылардың жалақысын және қаншаға арттыру жоспарланған? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды”, - делінген жауапта.

2022 жылы бұл коэффициенттің мөлшері 1,23 болса, 2023 жылы 1,45-ке жетті. 2024 жылы ол 1,71-ге, ал 2025 жылы 2,0-ге дейін көтеріледі. Осылайша, төрт жыл ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысы екі есеге өседі.

Сондай-ақ, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланғанын хабарлады.

Министрліктің болжамына сәйкес, осыған орай меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің табысы өседі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар