Экс-депутаттың сөзінше, қазір ол киноға түсіп жатыр екен
Экс-депутат, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан табысының қанша екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бөлісті. Оның айтуынша, қазір ол киноға түсіп жатыр.
"Құпия ештеңе жоқ. Келгенде 7 мың доллар (3 249 020 теңге - еск.) болған, қазір енді мұнда инфляция болып жатыр ғой. Сонымен азайып қалды. Қазір 4200 доллардай (1 949 412 теңге - еск.).
Қанағатыңа байланысты. Негізі жетеді. Ел бар, жұрт бар. Жоқ десең, жоғалып қаласың", - дейді ол.
Келесі мақала