Сенат отырысында Әлихан Смайылов жалған ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы 100 мың шаршы км жердің қытайлық инвесторларға жалға берілгені жөнінде ақпарат тараған еді , деп хабарлайды KYN.KZ.
Сенат отырысында Әлихан Смайылов мұны жоққа шығарды.
«Біздің Жер кодексінде шетелдіктерге, шетелдік компанияларға немесе шетелге қатысы бар қазақстандық компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беруге, тіпті пайдалануға тыйым салынады. Мұндай мүмкіндік тек қазақстандықтарда бар. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмаған және қарастырылмайды. Бұл біздің ұстанымымыз. Мәселе бойынша мемлекет басшысы да нақты жауап берді», — деді ол өз сөзінде.