Қоғам
Былтыр Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты сот үкімі шықты
- kyn.kz
- 23 қараша, 2023
- 923
Сот ЖЭО, «Екібастұзжылуэнерго» мен «Екібастұз жылу желілері» ЖШС басшыларына 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады
Былтыр қарашада минус 25-30 градус қытымыр аязда Екібастұз қаласы тұтас жылусыз қалған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Екібастұздың осы аталған коммерциялық ұйымдарының басқару функцияларын орындаған сотталушылар 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын толық қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қолданбаған», — делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Жергілікті жылу электр станциясында құбырлар ажырап, бірнеше агрегат істен шыққан.
Жедел штаб құрылып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Жөңдеу жұмыстары 15 желтоқсанда бір-ақ аяқталған.