Саясат
«Үкімет тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның талаптарын қарастырады»
- kyn.kz
- 24 қараша, 2023
- 1.5k
Бұл туралы сенат отырысында Әлихан Смайлов айтты
Үкіметтің тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның талаптарын қарастыратынын Әлихан Смайлов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Біз қазір тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл норманың күшіне енбегеніне қарамастан, мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерін қарауға міндетті. Ал петиция – бұл көп адамның пікірі, сондықтан оны да қарау керек. Біз мұндай өтініштерді қарауға қазір де дайынбыз. Өзім қыз өсіріп отырғандықтан әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты қолдамаймын», - деді ол.
23 қарашадағы жағдай бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылық заңнамасын реформалау туралы петицияға 149 мың қазақстандық қол қойған.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2025
Саясат
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




