Қоғам
Қазақстандықтар Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына 46 млн теңге жинап берді
- kyn.kz
- 24 қараша, 2023
- 1.4k
Ақшаны «Қызыл жарты ай» гуманитарлық қоғамы жинаған
Бұл халықтың қаза тапқан кеншілердің отбасына әлеуметтік көмегі, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Біздің қор қазақстандықтардың көмегімен 46 млн теңге жинады.
Қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден аударылады», - деді Patriot-қа «Қызыл жарты ай» қоғамының директоры Татьяна Абрамова.
Қазан айының соңында ArcelorMittal-дың Қарағандыдағы Костенко шахтасында өрт болып, 46 адам қаза тапқан еді.
Костенко атындағы шахта директорының айтуынша, сегіз мәйітті бірінші болып жоғарыға көтерген, олардың ішінен анықталғандары:
▪Мордасов Виталий Анатольевич;
▪Югай Александр Викторович;
▪Адамбаев Ерболат Мұратұлы;
▪Ретренко Владимир Ильич;
▪Сайфутдияров Альберт Рифович.