Қоғам
Атырауда полиция қызметкерлері азаптау ісі бойынша айыпталып, 3-4 жылға сотталды
- kyn.kz
- 24 қараша, 2023
- 4.8k
Атырау полиция басқармасының бұрынғы 5 тергеушісі тергеу кезінде күдіктіні мойындату үшін оны азаптаған
Жергілікті тұрғын Руслан Қуанышқалиевтың айтуынша, ақпан айында полицейлер оны үйінен күштеп алып кетіп, біреуге дене жарақатын келтіргенін мойындауын талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ал Қуанышқалиев мұны мойындамаған. Экс-полицейлер ұсталған азаматтың басына сөмке кигізіп, тұншықтырып, ұрып-соғып, психологиялық және моральдық қысым көрсеткен. Мұны сот-медициналық сараптама да растады.
Сот шешімімен Шыңғысхан Айтбаев, Марат Жонбай, Тимур Мәжитов 4 жылға, Асланбек Төлеуішов пен Ербол Сиғуатов 3 жылға түрмеге кесілді.
Келесі мақала