"Туған қызын 2 жыл бойы зорлады" деген күдікке ілінген ер адам іздестірілуде
- kyn.kz
- 27 қараша, 2023
- 2.0k
Павлодарлық тұрғын өз қызын зорлады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Ресми органның мәліметінше, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілді.
"Қыздың анасының арызы бойынша, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттерін 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін көріп келген.
Бірақ осы уақытқа дейін бұл әрекетті полицияға хабарламаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.