Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті
Sputnik/Ертай Сарбасов
"Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған акцияға 300-ге жуық адам қатысты

. Алматыда "Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті.

Акцияны өткізу қала билігімен келісілген. Іс-шара кезінде қандай да бір тәртіп бұзушылық болмады.

Жексенбі күні түстен кейін үш жүзге жуық адам миттингке шықты. Мақсат - отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық білдіру. Акцияға қатысқандар Алматыдағы "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы саябаққа жиналды. Шараны "Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының өкілдері ұйымдастырды.

Миттингке себеп 9 қарашадағы жантүршігерлік оқиға Салтанат Нүкенованың өлімі болды. Қатыгез күйеуінің қолынан ажал құшқан Салтанаттың тағдыры қоғамда резонанс тудырды.

 

Осыған орай "Жаңа Адамдар" қоғамдық бірлестігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткізетіні туралы мәлімдеді. Алматы билігі іс-шараны мақұлдаған.

Түске қарай алаңға 300-ге жуық адам, негізінен жастар жиналды. Қолдарына әртүрлі жазуы бар плакаттар ұстаған акцияға қатысушылар арасында Салтанат Нүкенованың туған ағасы да бар.

"Салтанат - менің туған әпкем. Соңғы екі аптада біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Мен көп азап пен қорқынышты көрдім, қазір қиналып жүрген көптеген қыздың әңгімесін тыңдадым. Бұл сұмдықты ешқашан ұмытпаймын", - деді ол.

Акцияға қатысушылар Салтанат Нүкенованың суреттері мен зорлық-зомбылықты айыптайтын плакаттар ұстап шықты. Олар тіпті қолдарындағы плакаттарға отбасында қорлық-зомбылыққа тап болған құрбандардың аты-жөндерін жазып алған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар