Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда 2 жасар бала маскүнемдікке салынған

Павлодарда 2 жасар бала маскүнемдікке салынған
catsmob.com/көрнекі сурет
Анасы ішімдікке салынғандықтан баласына да үнемі өзі не жесе соны берген

Екіден енді асқан балақайдың мұндай халге түскенін көршілері байқап, полицияға хабарлаған. Кішкентай сәби көзін ашқалы араққа сылқия тойып отыратын анасы мен оның достарын ғана көрген. Әйелдің үйі маскүнемдер ордасына айналған. балақай болса аштықтан, ересектерден қалған заттың бәрін қорек қылған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Еріктілердің хабарына қарағанда, отбасының көршілері дабыл қаққан.

"Баланың маскүнемдікке душар болғанын бәрі біледі, сыра ішеді, арзан шараппен ұйықтатады. Отбасын бірнеше күннен бері бақыладық, қызметкелердің бірі келіп, ұрысып берген соң, кетіп қалды", - дейді еріктілер.

Оқиға туралы Павлодар облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған.

"Шешесі алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Ювеналды полиция қызметкерлері анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды", - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына тексеруге жолдама берілгенін атап өтті.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар