Қазақ әндері бізге жарамайды, көрерменнің талғамы бар - «Business FM» бас директоры
- kyn.kz
- 27 қараша, 2023
- 2.6k
Ол радиохабар таратушылардың негізгі жүктемесі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оның айтуынша, бірінші мәселе – әуе толқындарының музыкалық мазмұны. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды.
«Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл - мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді», – дейді Рустам Мақсұтов.
Сондай-ақ, ол бизнес пен экономикаға қатысты қазақ тілінде контент ұсынатындар аз екенін жеткізді.
«Соңғы бес жылда біз бизнес пен экономика туралы ақпаратты сенімді әрі дұрыс жеткізе алатын білікті кадрларды таба алмай отырмыз. Яғни, бұл - өте ауқымды мәселе. Орыстілді адамдар мен бизнес туралы әдебиеттер бар, бірақ қазақтілді аудитория үшін іс жүзінде жоқ», - деді Business FM бас директоры.
Әлеуметтік желілерде Мақсұтовтың сөзіне қатысты шу шықты. Осылайша Facebook қолданушысы Руслан Түсіпбек оның сөзін «мазақ» деп атады.
«Жалпы Тәуелсіздіктің отыз екінші жылында мұндай сөздердің айтылуына қалай жол береміз? Бұл жай ғана мазақ! Мемлекеттік тілдің танымалдылығы жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан елде мұндай жағдайларға жол беруге болмайды», - деді ол.