«Аса қауіпті»: Әлихан Смайылов қызылша ауруына қатысты мәлімдеме жасады
- kyn.kz
- 28 қараша, 2023
- 792
Премьер-Министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керегін атап өтті.
«Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет» – деді Премьер-министр.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды.