Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Facebook-те жазған посты үшін бес жылға сотталған Данат Намазбай халықтан көмек сұрады

Facebook-те жазған посты үшін бес жылға сотталған Данат Намазбай халықтан көмек сұрады
Qaz365.kz
Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи Жоғарғы соттан Данат Намазбаевқа қатысты сот үкімін қайтадан қарауды сұраған

Facebook-те жазған посты үшін 5 жылға сотталған Данат Намазбай жұрттан араша сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Қымбатты достар, мен қалаған нәрсе орындалмады. Белгілі бір жағдайларға байланысты босатпады. Сіздердің белсенді араласуларыңызбен көп нәрсеге қол жеткізілді. Енді шартты түрде босатуды күтіп, аппеляциялық шағым түсіремін», - дейді Данат Намазбай.

Ол аздап денсаулық сыр бергені болмаса бәрі жақсы екенін айтты. 

«Мен уақытымды лагерь рұқсат еткендей пайдалы етіп өткіземін. Кітап оқимын, мұңайып, дүниені сағынып жүрмін. Бірақ бәрі өтеді де кетеді. 
Ең бастысы «меніңді» жоғалтпау, сол есіммен, абыроймен қалу. Тіпті зындандарда да біз өсуді және дамуды жалғастырамыз. Мүмкіндігінше отбасыма көмектесуді сұраймын», - делінген хатта.

Ұқсас жаңалықтар