
Карантин болмауы туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады
Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаның өршуіне қатысты жағдайдың бақылауда екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қызылша – бұл вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекция. Сондықтан осы уақытқа дейін шектеу шаралары енгізілген жоқ және енгізу жоспарда жоқ. Жағдай бақылауда. Егер қандай да бір топта аурушаңдықтың өсуін байқасақ – орта немесе жоғары білім беру ұйымында шаралар қабылданады», - деді брифиңде эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Зәуре Ахметова.
Қызылша адам тыныс алғанда, жөтелгенде немесе түшкіргенде таралады. Белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел және бүкіл денеде бөртпе.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
«Дубай шоколадын» тексеру кезінде қауіпті бактерия табылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 сәуір, 2025