“Әрбір қазақстандыққа өтемақы төленеді”: Алаяқтар Тоқаевтың суретін пайдаланып фейк таратып жүр
- kyn.kz
- 28 қараша, 2023
- 875
Алаяқтар әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдалана отырып, тағы бір фейк таратып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.
Stopfake.kz мәліметінше, Facebook-те ҚР Президентінің суретін жүктей отырып, алаяқтар жалған ақпарат таратуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алаяқтар әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем төлеуді әде етеді.
Фейк анық болуы үшін Қамыс-Жомарт Тоқаевтың суретін де жазбада пайдаланады. Алайда Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.
"Аталған ақпаратты жариялаған "Өтемақы орталығы" деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгілері байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады.Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті", деп нақтылайды Stopfake.kz.
"Өтемақы орталығы" арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы қазақстандықтарға ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.