Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында 14 жасар қызды жүкті қылды деп айыпталған депутаттың 55 жастағы күйеуі ұсталды

Жамбыл облысында 14 жасар қызды жүкті қылды деп айыпталған депутаттың 55 жастағы күйеуі ұсталды
Azattyq-rukhy
Оқушының анасы қызын алдап түсік жасатқандар жайлы айтып берді

Оқиғаның жантүршігерлік мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жәбірленуші қыздың жасы қазір 14-те. Анасы және 16 жастағы ағасымен бірге Жамбыл облысы, Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында тұрады. Биыл колледжге түскен ағасы үшінші топтағы мүгедек. Әкесі кісі өлтірді деген баппен сотталған. Кейіннен басқа асыраушысы болған. Бірақ 2015 жылы қайтыс болған. Қазіргі кезде ресми түрде ешқандай некеде тұрмайды.  Оқушы қыз 2018-2022 жылдар аралығында Саудакент селолық округіндегі Байқадам атындағы мектеп-интернатта оқыған.

Оқушы қызды зорлаған деген айыппен 55 жастағы күдікті ұсталған. Анасының айтуынша, кемі үш рет азғындық жасаған. Аяғы ауыр екенін тек жаңа жылдың қарсаңында айтыпты. Сол кезде жүктілік мерзімі шамамен алты ай болған. Жүктіліктің 6 айлығында оқушыны мектеп қызметкерлері Жаңатастан Қаратау қаласына алып кеткен. Сол жақта ақшасын мектеп басшылары өздері төлеп, баланы алдырып тастаған. Операция жасатқан дәрігердің түрін қыздың анасы көрмеген. Ешқандай құжат түрінде түсік жасалғаны тіркелмеген.

 

Толығырақ мақалада

 

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз

Ұқсас жаңалықтар