Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қайтыс болды

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қайтыс болды
Ашық дереккөзі
Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалды

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қараша күні сағат 15:29-да жеткізілген. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80%-ы зақымданған болып шықты. 

- Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. 

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растады. Дегенмен ақпарат таратпады.

Ұқсас жаңалықтар