Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне жаңа пәтер алып әперді

Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне жаңа пәтер алып әперді
https://instagram.com/moldir.auyelbekova
Өнер иесінің айтуынша, тұңғышы сыйлыққа пәтер сұраған

Бұл жайлы әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Ұлымның құны 60 млн теңге тұратын сыйлығы осы. Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім, қуаныштан бір жылап алдым. Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет. Тілекші халқыма алғыс айтамын. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші. 

Әншінің парақшасынан ұлымен үйдің құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталған пәтерді көруге барғанын байқауға болады. Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың 7 жасқа толған мерейтойына орай 40 адамға дастарқан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар әнші тұңғышына құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту еткен

Ұқсас жаңалықтар