Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда мас полиция қызметкерлері төбелесте жігітті пышақтап тастаған

Ақтауда мас полиция қызметкерлері төбелесте жігітті пышақтап тастаған
Azattyq-rukhy.kz
Оқиға 27 қараша күні түнгі сағат екі шамасында болған

Тәртіп сақшылары төбелесте суық қару қолданып, 1996 жылғы жігітке пышақ сілтеген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Отаров пен Мұнайлы аудандық ішкі істер басқармасы патрульдік полициясының командирі Нұржан Мағзамов түнгі клубта төбелес шығарған. 
 

Ал таяқ жеген жігіт Маңғыстау облысы көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккен азаматты травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсеткеткен соң үйіне жіберді.

“ Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды. Төбелесте үстел пышағы қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді”,-деді Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар