Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“TikTok-тан ақша тауып отырмын”: TikTok түсіретін атыраулық әжей қомақты ақша тауып отыр

“TikTok-тан ақша тауып отырмын”: TikTok түсіретін атыраулық әжей қомақты ақша тауып отыр
КТК телеарнасы
“Батыстың әжесі” деген лақап атпен желі қолданушыларымен бірге батл ойнайды

Атыраулық Хадиша Аймұхамбетқызы еліміздегі ең танымал әлеуметтік желіде қаржы тауып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтем жасап.

«Батыстың әжесі» деген лақап атпен батл ойнап, желіні шулатып отыратын ақжаулықты ана TikTok компаниясына ресми жұмысқа да орналасып алыпты. Енді зейнетақысынан бөлек қосымша жалақы алып отыр. 

Батл ойнайтын «Батыстың әжесі» Атырау қаласы Еркінқала ықшамауданында тұрады. ТикТокта танымал болған Хадиша апай бұл әлеуметттік желіге тіркелгеніме бір айдан астам ғана уақыт болды дейді. Аз уақыт ішінде ауқымды аудитория жинап үлгеріпті. Зейнеткерге мұны балалары үйреткен. Тез меңгеріп, қазір өзі емін-еркін кіре береді екен. Алғашында өлең оқып, бейнероликтер жүктеп жүрген, кейін тіркелушілер көбейіп, тікелей эфирге шығуға мүмкіндік алыпты.

“ Бұл ТикТоктың зияны жоқ екен. Балаларға бар білгенімді айтамын, бар ақылымды айтамынғ көрермен балаларыма. Енді ТикТокты қарайтын немерелеріміз, сосын жастар ғой. Үлкендерден көп ешікім қарамайды. Сосын ақша тауып отырмын. Оны несін жасырайын. Мұның зияны жоқ екен. Қытай өзі біледі екен, бірдеңені. Ойыншықтың да, киімнің де бәрі Қытай боп кетті ғой. Енді ТикТок та Қытай. Сол Қытайдан ақша тауып жатырмыз. Қазір қызыл тілімнің пайдасын көріп сайрап отырмын ТикТокта. ТикТоктан зиян көріп жаттқан жоқпын. Сол, ТикТокқа 3 қарашада ақи-тақи шығып кеттім”,-дейді Хадиша Аймұхамбетқызы, TikTokшы.

Хадиша анамыз ТикТокта түрлі жағымсыз пікір жазылып жататынын айтады. Үлкен кісілердің әлеуметтік желіде отыруын ерсі көретіндер бар. Дей тұрғанмен қолдау көрсететін жастар да көп дейді. Апай ТикТокқа бүкіл шаруасын тындырып алып кіреді екен. Немерелерін бағып-қағу, мектепке дайындау мен олардың ас-суы мойнында. Себебі баласы мен келіні таңнан кешке дейін жұмыста дейді.

“ Керім қабылдайды. «Әже, әже, бабушка» деп. Сонау шетелден, Грузия, сол жақтың баллары бар. Келіп, айқайлап, қолдап кететін. «Әже, әжелеріңді құрметтеңдер» деп. Өзіміздің қазақтар, обалы не керек, жақсы жастар. Мәз болады, мені көріп қалса, «о, әжемен ойнаймыз» деп. Батл ойнағанда. Сосын меннен ақыл сұрайды. Бата сұрайды. Бар білгенімді айтамын ғой”,-деді Хадиша Аймұхамбетқызы, тиктокшы.

Жетпіс жыл естіген, көргенімді айтамын ғой. Бұған дейін қан қысымы көтеріліп ауыратын зейнеткер осы желіге қосылғалы денсаулығым жақсарды дейді. Өзге өңірден замандастарымен әңгімелесіп, мәре-сәре болатынын айтады. «Батыстың әжесі» қазір ТикТокта жұмыс істейді екен. Яғни батлдарын көрген Қазақстандағы ТикТоктың агенттіктері қосымша табыс табуға шақырған. Агенттіктің кеңсесіне барып, батл ойнап тұрады. Қазір ТикТокшы әжейдің әмиянына біраз қаржы түскен. Бірақ айына қанша ақша табатынан ашып айтпады.

Ұқсас жаңалықтар