Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дос Көшім: “Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей заңды дайындасын”

Дос Көшім: “Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей заңды дайындасын”
Abai.kz
Саясаттанушы 30 жыл бойы айтып келе жатқан заңдар барын айтады

Дос Көшім «Білген дұрыс» арнасына берген сұхбатында 
депутаттардың бірде біреуі әлі жаңа заң дайындамағанын айтты,деп хабарлайды KYN.KZ.

«Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов, Нартай Аралбай сияқты жігіттер Парламентке келд. Бұлардың бәрінің жақсы сұрақ қойғандары, жақсы сөйлегендері, биліктің келген адамдарының екі аяғын бір етікке тыққандарын ғана көреміз. Дұрыс! Ол да дұрыс. Бірақ бұлардың міндеті ол емес қой!? Бұлардың міндеті заң шығару. Біреуі бір жаңа заң дайындаған жоқ», – дейді Дос Көшім «Білген дұрыс» арнасына берген сұхбатында.

Саясаттанушы 30 жыл бойы айтып келе жатқан заңдар барын айтады. Мемлекеттік тіл туралы заңды неліктен біреуі дайындап ұсынбайтынын жеткізеді. Қазақстанның ақпараттық жүйесін Ресейдің ақпараттық жүйесінен қорғау туралы заңға қажеттілік барын айтады. Бүкіл солтүстік пен шығыс облыстарындағы елдімекендердің 90 пайызы бұрынғы совет кезіндегі атауларда қалғанын еске салады. 

«Сол кеңестік атауларды неге өзгертпейміз?! Ленин, Сталин аттарында бәрі тұр. Заң керек пе?! Керек! Неге сөйлей береді? Неге айта береді? Мен таңғалам», – дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар