«Бойы ұзын әдемі қыз»: Полиция бөлімшесінде зорланған қыз туралы жаңа деректер шықты
- kyn.kz
- 29 қараша, 2023
- 3.9k
Талдықорған қалалық ІІБ бастығы болған, генерал Марат Күштібаев жақында қызметтік кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деп екі ай қамауға алынған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Осыған қатысты кейбір деректің шеті шыға басталды
Журналист Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, 11 қараша күні 27 жастағы алматылық бойжеткен сүйіктісімен Талдықорғандағы жалдамалы пәтерде кездеседі. Бірақ түнгі 2-лер шамасында сүйіктісімен сөзге келісіп қалады. Артынша, полиция қызметкерлерін шақырған. Таңда полиция бөліміне түсінік беруге барады.
«Екеуінің арасында кикілжің болған. Жігіт қашып кеткен бе ол жағы түсініксіз. Полицейлер қызды учаскеге алып келген. Сол кезде полиция бастығы қызды көріп қалады. Бойы ұзын әдемі қыз. «Не істеп жүрсің?» дейді. Учаскелік инспектор алып келгенін айтады. Онда жүр біздің кабинетке сөйлесейік деп шақырып алады. Кабинетінде «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастаған», - дейді Сандуғаш Дүйсенова.