Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағанды облысының тұрғыны криптобиржадан заңсыз жолмен 95 млн теңге табыс тапқан

Қарағанды облысының тұрғыны криптобиржадан заңсыз жолмен 95 млн теңге табыс тапқан
Forbes.ru
Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеруді тіркелді

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті криптобиржа арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеруді тіркеген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 миллион теңгеден асты.

«Күдікті тұлға «BINANCE» биржасында сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар