Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазпошта» филиалдарында 273 млн теңге ұрланған

«Қазпошта» филиалдарында 273 млн теңге ұрланған
Baigenews.kz
«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр

Осылайша, жыл қорытындысы бойынша бірқатар өңірде сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», –
 делінген мекеме хабарламасында.

«Қазпошта» АҚ ақпаратында ведомствоның орталық кеңсесінде және жергілікті жерлерде заң бұзушылық әрекеттермен күрес одан әрі жалғасатыны айтылған. Бұл бағытта мекеме басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істемек.

Ұқсас жаңалықтар