Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды
https://instagram.com/gulziraaidarbekova
Отбасының басынан өткен ауыр жағдайды Instagram парақшасында баяндап берді

Продюсер күйеуі Нұртас Айдарбекті өзге қалада пышақтап кеткен кезді айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Қайрат бес айлық болған кезде, Нұртасты тәжірибеден өтуі үшін Павлодар қаласына алып кетті. Ол кезде күйеуім әлі оқитын. Сол кезде 25 бала болып, дискотекаға барған. Жергілікті жердің 50-60 баласы бұларға жабылады. Олардың қолында пышақ болған. Сол жерде Нұрекеңе пышақ сұғады. Ойлаңызшы, аяқ астынан сізге хабарласып, "Күйеуің пышақталды" дейді. Күйеуімнің не өлі, не тірі екенін білмеймін. Осымен жесір қаламын ба деп ойладым", - деп жан сырын ақтарды Айдарбекова.
 

Продюсер күйеуіне көмектесу үшін бес айлық баласы Қайратты Шымкентке салып жібереді. "Содан Нұрекеңе көмектесемін деп шештім. Бес айлық Қайраттың тамақтарын дайындап, қайын ініме тапсырып, Шымкентке салып жібердім. Солай күйеуіме ұштым", - деді Гүлзира Айдарбекова. Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі Нұртас Айдарбектің үш ұлы бар.

Ұқсас жаңалықтар