“Өрт болған жерден 56 адам эвакуацияланды”: Алмалы ауданының әкімі хостелдегі өрт туралы ақпарат берді
- kyn.kz
- 30 қараша, 2023
- 550
Алмалы ауданының әкімі эвакуацияланған хостел тұрғындары жақын маңдағы мектептің спорт залына орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Өрт болған жерден 56 адам эавкуацияланды. 45 адамды орналастырдық. Алғашқыларын жақын жердегі мектептің спорт залына орналастырдық. Ыстық тамақпен, керек заттармен қамтамасыз еттік. Медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Барлық шара жасалып жатыр", - деді Айдар Жәкібаев.
Алмалы ауданының әкімінің айтуынша, эвакуацияланған тұрғындарға дереу керек заттары жеткізіледі.
“Зардап шеккендер ауруханада. Қазір тұрғындардың жеке басы анықталуда. Білуімізше, мұнда жастар және студенттер тұрады. Эвакуацияланғандар арасында Үндістан, Пәкістаннан келген мед университеттің студенттері болды", - деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев.